Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы Н.О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Н.О. салмағы 6,26 грамм құрайтын есірткі заты - кептірілген марихуаннаны өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп сақтаған.

Басты сот талқылауында сотталушы Н.О. өзінің жасаған кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Н.О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 70 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту  түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі