Халықтың құқықтық сана сезімін көтеру мақсатында кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының төрағасы  А.Бекназаров дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану барысын кеңейту мақсатында, облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында Боралдай ауыл округі тұрғындарының, ауыл әкімдігінің қызметкерлерінің, ауыл билерінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен  кездесу өткізді.  

Кездесу барысында төраға А.Бекназаров Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын, медиацияның қолданылу саласы мен мақсатын, медиаторлардың қызметіне қойылатын талаптар мен медиатордың атқаратын қызметіне тоқталып медиацияны қолдану кезінде туындайтын мәселелерге тоқталды.

Кездесуде дауды реттеудің баламалы әдістерінің бірі болып табылатын медиацияны қолданудың маңыздылығы мен артықшылықтары және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңына енгізілген өзгертулер, яғни ендігі жерде нотариустардың дауларды шешуде медиациялық татуластыру рәсімдерін жүргізіп, атқарушылық жазба жасай алатындығы туралы айтылды.

Сонымен қатар, сот төрағасы 2016 жылдың басынан бастап сот жүйесінің үш сатылы сот жүйесіне  көшкенін, яғни аудандық, апелляциялық (облыстық) және кассациялық сот алқасының Жоғарғы Сот құзыретіне берілгендігін, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтілгендігін және  азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тергеу судьясының өкілеттіктері заң жүзінде одан әрі кеңейтілгендігін жеткізді.  

Сөз соңында сот төрағасы іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі