Ішімдік ішудің соңы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты 1981 жылы туылған А.Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 14 қараша күні сағат 01:30 шамасында сотталушы А.Е. спирттік ішімдік ішіп алған мас халде өзінің жиені жәбірленуші Е.А.-мен ерегісіп қалады.

Содан сотталушы А.Е. ойында жәбірленуші Е.А.-ны өлтіру ниеті пайда болып, оның кеудесіне асханалық пышақпен бір рет соққы беріп, қасақана қаза келтіреді.

Сот үкімімен А.Е. тағылған айып бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі