Қарақшы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 179-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен, 126-бабы 2-бөлігінің «в,з» тармақтарымен айыпталған Б.А. атты азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б.А. 2013 жылы 20 мамыр күні сағат 16.00 шамасында спирттік ішімдіктен мас күйінде Созақ ауданы, Қыземшек поселкесіндегі тұрғын үйлердің бірінде тұратын  жәбірленуші Н.М.-ны пәтерінің сыртқы есігін ашып жатқан кезінде артынан келіп, бөтен мүлікті ұрлау мақсатында қарақшылық жолмен шабуыл жасап, жәбірленушінің еркінен тыс, оны пәтерге итеріп кіргізіп,  өзі де бірге пәтерге басып кіріп, ақша талап етеді.

Жәбірленуші Н.М.-ның «менде ақша жоқ» деген сөзіне қарамастан, оны ұрып-соғып, жағасынан ұстап есігі ашық тұрған дәретханаға итеріп жіберген кезде, жәбірленуші оң жақ қабырғасымен унитазға құлаған. Содан үйдің ішінен ақша іздеп таба алмаған соң, сотталушы оқиға орнынан бой тасалаған. Ал, жәбірленуші Н.М. алған ауыр жарақатының салдарынан ауруханаға түсіп, қайтыс болған.

Сот үкімімен сотталушы Б.А. кінәлі деп танылып, оның жеке мүлкі тәркілене отырып 9 (тоғыз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген

Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі