Қарақшылық жасағаны үшін сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотының үкімімен сотталушы С.Сүлейменов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 179-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылды.

Сотталушы  С.Сулейменов 2013 жылғы 19 желтоқсан күні сағат  20.00 шамасында Түркістан қаласындағы темір жол вокзалы перронында кәмелетке толмаған Ұ.-ны темірден жасалған ойыншық тапаншамен қорқытып, дене жарақатын салып, құны 15 000 теңгелік «Нокия Х2» маркалы ұялы телефонын тартып алып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып бара жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталып, жәбірленуші Ұ.-ға елеулі мүліктік залал келтірген.

Түркістан қалалық соты С.Сулейменовті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 179-бабының 1-бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баппен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, оған 3 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген.

Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметі