Қаруды заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Б.П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, құқық бұзушы Б.П. 2017 жылдың 10 ақпанында Бәйдібек ауданы, Жыланды ауылы, Болашақ көшесі бойында, ішкі істер органдарында тіркелмеген 16-калибрлі «ИжК» модельді, сериясы «А», номері «82276» санды, тегіс бір ұңғылы аңшы атыс мылтығын заңсыз сақтап алып жүрген.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, ол үшін кешірім сұрайтынын көрсеткен. Құқық бұзушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, маманның қорытындысымен және  іс-құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен, азамат Б.П. аталған баппен кінәлі деп танылып, аңшы қаруын тәркілей отырып, оған 20 /жиырма/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 45 380 /қырық бес мың үш жүз сексен/ теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі