Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түлкібас аудандық сотында талапкер А.А. жауапкер К.Ф.-дан қарыз ақша өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Төрағалық етуші судья тараптарға бітімге келуге жағдай жасап, медиация келісімін жасауға жеткілікті уақыт берді.

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар кәсіби медиатор А.Тулесовтың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Аталған келісім бойынша тараптар бітімгершілік шартындағы міндеттерді орындауға, яғни жауапкер К.Ф. 100 000 теңге қарыз ақшаны ай сайын 10 000 теңгеден төлеуге міндеттеме алды.

Ал, талапкер өз талабынан бас тартып, медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасалғанына байланысты, азаматтық істі қысқартуды сұраған.

Медиативтік келісімді өз еріктерімен орындамаған жағдайда, тараптар сотқа мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару парағын алуға арыздана алады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі