Қарыз ақшаны өндіру жайлы дау сот медиациясы арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

24.11.2016 жылы Мақтаарал аудандық соты талапкер Е.А.-ның жауапкер М.Қ.-ға   қарыз ақшасын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу мақсатында істі қараудағы судьяның өткізуі жөнінде өтініш түскен.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіміне сай жауапкер М.Қ. талапкер Е.А.-ға жалпы 674 680 теңгені 2016 жылдың желтоқсан айының 15 жұлдызына дейін толық төлейтін болды. Өз кезегінде  талапкер Е.А. жауапкер М.Қ.-дан осы дау бойынша талап қоюдан бас тартатын болып келісті.

Соттың 24.11.2016 жылғы ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды  медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі