Қарызды қайтару туралы дау бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талап қоюшы К.Д.-ның жауапкер О.А.-тан қарыз ақша өндіру туралы талап қою арызы бойынша және талап қоюшы О.А.-тың жауапкер Қ.Д.-қа тілхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, сот тараптарға қойылған талапты бейбіт келісіммен, медиация тәртібімен шешудің ерекшеліктері мен ережелерін түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар сотқа туындаған мәселені бейбіт келісімді бекіту жолымен шешу туралы бірдей талап-тілекпен жүгінді.

18.07.2017 жылғы сот ұйғарымымен тараптар арасындағы бітімгершілік келісім бекітіліп, келісім бойынша жауапкер О.А. талап қоюшы Қ.Д.-ға 1 000 000 (бір миллион) теңге, соның ішінде 300 000 (үш жүз мың) теңгені 24 шілде 2017 жылы, ал қалған 700 000 (жеті жүз мың) теңгені 24 тамыз 2017 жылы  беруге міндеттенді, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі