Қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер У.У.Ж.-ның жауапкер Қ.А.Б.-дан 1 000 000 теңге қарыз ақшаны және 10 000 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік бажды өндіру  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар медиатор судьяның қатысуымен дауды медиация тәртібінде реттеу жөнінде келісімге қол жеткізді.

Келісімге сәйкес, талапкер У.У.Ж. талап арызынан бас тартып жауапкерге 1 000 000 мың теңгені 2017 жылғы 16 қазанға  дейін қолма қол қайтарып беруді ұсынды.

Жауапкер Қ.А.Б. талапкердің талабымен келісіп, қарызын көрсетілген уақытқа дейін төлеп құтылуға келісті.

Соттың ұйғарымымен сот медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сонымен қатар, АПК-нің 278-бабына (іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары) сәйкес, іс медиация тәртібінде тоқтатылған жағдайда қайтаруға жатады. Осы баптың талаптарына сәйкес талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды. 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі