Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының 14.03.2017 жылғы қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің   517-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы жаза тағайындалды.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы У. Өзбекстан  Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына 17.10.2016 жылы келіп,  көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімі біткеніне қарамастан, осы күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрып жүргені анықталған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі