Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған Өзбекстан Республикасының Р.Н. деген азаматына қатысты іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, бұл азамат 24.01.2014 жылы Қазақстан Республикасына «Қазығұрт» шекаралық бақылап өткізу пунктінен өту кезінде көші-қон карточкасында келу мақсатын «жеке іс сапармен» деп көрсеткен. Қазақстан аумағына өткеннен соң, Шымкент қаласында жұмыс істеп, келу мақсатының тіркеу кезіндегі көрсетілген мақсаттарға сай болмауы анықталған, яғни ол Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған.

Сотта құқық бұзушы Р.Н. кінәсын толық мойындап, өкініш білдіріп, өз жауабында Қазақстан Республикасына «Қазығұрт» бақылап өткізу пункті арқылы жеке іс-сапар мақсатымен өтіп, Шымкент қаласында жұмыс істегенін, тіркеуге тұру керек екенін білмегендіктен, тіркеуге тұрмағанын айтып, алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермейтінін көрсетіп, жеңіл шара көруді сұраған.

Сот құқық бұзушы Р.Н.-ның іс-әрекетіне өкініш білдіріп, кінәсін мойындауы - жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар, оның іс бойынша жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп санап, құқық бұзушылықтың сипаты мен оның жасалу жағдайларын ескеріп, құқық бұзушы Р.Н.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалсын деп қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Шымкент  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі