Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған сотымен  шет ел азаматы А.Р.Доняровқа Қазақстан Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, Қазақстан Республикасының шегiнен 30.01.2016 ж. кешіктірілмей әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Алайда ол, Мақтаарал АІІБ-ның І-полиция бөлімінің полиция қызмкерлерімен «Мигрант» арнайы профилактикалық іс-шара жүргізу барысында 30.09.2016 жылы Асықата кентінде ұсталынып,  оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамағаны анықталған.

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының үкімімен А.Р.Доняров Қазақстан Республикасының 393-бабында көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған аталған баппен Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, жиырма бес айлық есептік көрсеткiш мөлшерде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі