Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алғашқы Президент күніне орай футболдан спартакиада өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласында, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алғашқы Президент күніне орай Шымкент қалалық Абай аудандық сотымен Абай аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  футболдан спартакиада  ұйымдастырылды.

 Жарыс  Шымкент  қаласының «Қажымұқан» спорт сарайында өтті.

 Іс-шараный негізігі мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты жақсарту және әр бір азаматтың  спорттық қасиеттерін арттыру  және командалық қабілетті арттыру.

Ашылудың салтанатты рәсімінде Оңтүстік Қазақстан  облыстық сотының  төрағасы Н.Шәріпов, азаматтық  және әкімшілік   істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов, облыс прокурорының орынбасары М.Әлімбеков, Абай ауданы әкімі А.Татыбаев қатысты.

Оңтүстік Қазақстан  облысының төрағасы Н.Шәріпов жарысты  аша отырып, іс-шара спорт пен дене шынықтыру және салауатты өмір салтын ұстануды кең насихаттауға бағытталғанын белгілеп өтті.

Облыс прокурорының орынбасары М.Әлімбеков, қатысушыларға сәттілік, қызықты ойын, жарқын жеңістер тіледі.

Сонымен қатар, турнирге Мемлекеттік органдардан құралған 6 команда қатысты, олар ОҚО  ІІД  Шымкент қаласының ішкі істер бөлімінің  Абай ПБ, ҚР ІІМ Қылмыстық - атқару жүйесі комитеті ИЧ 167/3 мекемесі, Абай аудандық Әділет басқармасы мен сот орындаушылары, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Абай ауданы Прокуратурасы, Абайауданы әкімі аппараты және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот жүйесі.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командаларға  кубоктар, сый  және құрмет грамоталы табысталды.

Ұйымдастырыған іс-шара  ұйымшылдық, бірлік және күш-жігерге толы болды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі