Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен Ж.С.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Ж.С. 04.04.2016 жылы сағат 18:50 шамасында өз үйінде, алкогольдік масаң күйде жанжал шығарып, жұбайы А.З.-ны былапыт сөздермен балағаттап, оның тыныштығын бұзған.

Сот отырысында тараптар медиатордың көмегімен татуласты.

Құқық бұзушы Ж.С. жәбірленуші А.З.-мен медиатор арқылы бітімгершілікке келуіне байланысты жауапкершіліктен босатылып, әкімшілік іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі