Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен  құқық бұзушы К.М.- ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К.М. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзып, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Байырқұм орман шаруашылығында «Вепрь-01», 7,62х54 калибрлі мылтығын оқталған күйде алып жүрген.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы К.М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, құқық бұзушылық    құралы болған мылтық мемлекет пайдасына тәркілене отырып, оған жетпіс айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі