Кәмелетке толмаған азамат атыс қаруларын иемденіп және сақтағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен  айыпталған кәмелетке толмаған С.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім оқылды.

Сотта кәмелетке толмаған С. 2015 жылдың тамыз айында ОҚО Сарыағаш ауданы, Жуантөбе ауылының маңында Келес өзенінің жанындағы шөптердің арасынан 2 дана атыс қаруын тауып алғаны анықталған. Ол атыс қаруларын иемденуге және сақтауға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, тауып алған атыс қаруларын құқық қорғау органдарына өткізбестен, оларды үйіне алып келіп заңсыз сақтаған.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі