Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот бес жылдық есебін берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов брифинг өткізіп, ювеналды соттың құрылу тарихынан және  ауданарлық сотта 2012 жылдан бері қаралған істер мен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағыты бойынша жүргізілген іс-шаралар жөніндегі бриффинг өткізді.                                        

Брифинг барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді соттарда қарау бойынша негізігі статистикалық көрсеткіштер және ювеналды соттың ерекшеліктері мен қоғамдық пікір туғызған істер туралы айтылды.                 

Соттың құрылған уақытынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 5037 талап арыздар мен өтініштер түсіп, 3250 іс бойынша сот шешімі шыққан. Соның ішінде 198 азаматтық іс медиация тәртбімен қысқартылған.                    

Дәл осы кезеңде, қылмыстық істер бойынша 2221 қылмыстық іс түсіп, 560 сот үкімі шығарылса, 276 іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Әкімшілік істерге тоқталсақ 5540 іс түсіп, 5102 құқықбұзушыға қатысты әкімшілік қаулы шыққан. Жалпы соммасы 56,510,550 мың теңге айыппұл олардан өндірілген.                                                                                                        

Сонымен қатар, бриффинге қатысушы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бұрханов та өз кезегінде бала құқығын қорғау бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде өз баяндамасын жасады.                                                                                                    

Брифинг барысында С.Тулепбергенов БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі