Кәмелеттік жасқа толмағанға темекі сатқаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында дүкен сатушысы болып жұмыс істейтін құқық бұзушы Д.-ның кәмелеттік жасқа толмаған Б.-ға темекі сатқаны анықталды.

 Сотта түсінік берген құқық бұзушы Д. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 133-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған осы баппен жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі