Қоғамдық орында мас күйде жүрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімне әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Сот отырысында құқық бұзушы С.-ның қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 13.03.2016 жылы сағат 18.00 шамасында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесінде алкогольдік масаң күйде жүргені анықталған.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі