Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот отырысында құқық бұзушы С.-ның қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 13.03.2016 жылы сағат 18.00 шамасында ОҚО, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесінде алкогольдік масаң күйде жүргені анықталған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

        

Сот қаулысы заңды күшіне енген. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі