Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Төлеби аудандық сотымен Қазақстан Республикасы көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін К.Ешенкулов қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында анықталғандай, ол Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, 2015 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы Абай АІІБ-нан тіркеуден өтіп, тіркеу барысында мекен-жайын Шымкент қаласы Абай ауданы деп көрсеткен.

Алайда, тіркелген мекен-жайда тұрмай мекен-жайын өзгертіп, ОҚО Төлеби ауланы, Леңгер қаласында жұмыс жасаған.

Істі қару нәтижесінде шетелдік азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі бойынша 1 /бір/ тәулік қаммаққа алу туралы әкімшілік жаза қолданылды.

 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі