Құқықтық сауаттылық айлығының аясында студенттер үшін семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты өткізіп жатқан құқықтық сауаттылық айлығының іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық соттың Оқу орталығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Тергеу судьясы институты – адамның және азаматтардың конституциялық құқығының сақталу кепілі» тақырыбында ұйымдастырған семинарды облыстық соттың судьясы Б.Байдуллаев өткізді.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VІІ съезінің қорытындысы бойынша қабылданған Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының қоғамның құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жөніндегі  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген семинарға студенттермен қатар, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар және БАҚ өкілдері  қатысты.  

Семинар барысында Мемлекет Басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 5 институционалдық реформасына сәйкес адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына  біртіндеп  беруді  қамтамасыз  ету  арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету  барысы талқыланды.

Сонымен  қатар,  облыстық  соттың  судьясы  Б.Байдуллаев  семинарға қатысушылардың назарын сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялардың арқасында сот төрелігі азаматтар үшін қолжетімді және барынша ашық екеніне аударды.   

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының тергеу судьясы Ғ.Байарыстан өз сөзінде азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының сақталуында тергеу судьясы институтының маңызды рөлге ие екендігін атап  өтті.

Семинар соңында  қатысушылар тергеу судьясы институтының жаңашылдықтары мен сот жүйесіндегі жаңа технологияларға қатысты сауалдар қойып, оларға толыққанды жауап алды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар