Қылмыстық атқару инспекциясының инспекторы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Е. Бибасаров Түлкібас аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің инспекторы лауазымында әділет аға лейтенанты шенінде қызмет атқара жүріп, шартты түрде сотталған М.Тұрғынбектің анасы Б.Алтынбековаға жолығып, қызмет бабын пайдаланып, оның сеніміне қиянат жасап, сынақ мерзімін ұзарту мәселесін шешу өзінің құзіретіне кірмейтінін біле тұра, М. Тұрғынбекке тағайындалған сынақ мерзімін ұзарту туралы ұсыныс сотқа жіберіліп қойғанымен, ол бойынша оң шешім қабылдатуға уәде беріп, осы қызметі үшін 60000 теңге талап еткен. 

2014 жылдың 25 тамызы күні ол Б.Алтынбекованың жұмыс орны Т.Рысқұлов ауылындағы  «Дос би» кафесіне келіп, жоғарыда аталған ақшаны тез арада тауып беруін талап етіп, сол жерде жәбірленушіден 18000 теңге алып, қалған 42000 теңгені ертеңіне дайындап қоюды тапсырып кеткен. Алайда, Е. Бибасаров келесі күні жәбірленуші Б. Алтынбековадан 30000 теңге алу барысында ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ұсталған.

Түлкібас аудандық сотының үкімімен Е. Бибасаров Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігінің «г» тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде лауазымды қызметті атқару құқығынан айыра отырып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және «әділет аға лейтенанты» арнаулы атағынан айыру жазасы тағайындалған.

 Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Онтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі