Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотталушы Н.Д. 11.10.2013 жылы таңғы сағат 05.00-дер шамасында жәбірленуші Н.И.-дің үйіне есігінің ілгішін бұзып кірген. Алайда, үйге бөтен адам кіріп кеткенінен шошып, айғайлаған үй иесі жәбірленуші Н.И.-ден бой тасалап қашып кетіп, осы оқиға бойынша жәбірленуші полицияға арызданған. Нәтижесінде күдікті ретінде Н.Д. ұсталып, ол ҚР ҚК-нің 145-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін сотқа берілген.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау барысында жәбірленуші сотталушымен медиатор И.С.-ның көмегімен өзара татуласып, өзіне келтірілген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты, Н.Д.-ға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы жазбаша өтініш келтірген.

Өз кезегінде, сотталушы Н.Д. тағылған айыпты толық көлемде мойындап, жасаған қылмысына шын жүректен өкінетінін және қазіргі кезде жәбірленушімен татуласқанын көрсетіп, өзіне қатысты қылмыстық істі қысқартуға қарсы болмаған.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының қаулысымен, сотталушы Н.Д. ҚР ҚК-нiң 67-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі