Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

25 ақпан 2015 жылғы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен сотталушы К.Нурмаханбетов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылған.

Cотталушы К.Нурмаханбетов 2015 жылдың қаңтар 29 күні сағат 08.30-дар шамасында Леңгер қаласы, 2 мөлтек ауданы Қапал батыр көшесі бойындағы қағазға оралған салмағы 2,72 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын тауып алып, оны жеке басының  қажеттілігі үшін заңсыз иемденіп, өткізу мақсатынсыз сақтаған.

Төлеби аудандық сотының 25 ақпан 2015 жылғы үкімімен К.Нурмаханбетов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296- бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, 25 АЕК айыппұл жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі