Әл-Фараби аудандық сотында «Сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептері» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әл-Фараби аудандык сотында аудандық сот судьяларының қатысуымен 2017 жылы азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептерін талқылауға арналған семинар өткізілді.

Семинардың координаторы ретінде азаматтық істер бойынша судья Айсара Нұрманбетова, ал қылмыстық істер бойынша судья Талғат Кахаров бекітілген.

Координаторлар аудандық соттың апелляциялық және кассациялық тәртіпте бұзылған және өзгертілген сот актілерінің себептерін түсіндірді.

Бұл іс-шара, сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру, судьялардың кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарды өткізу нәтижесінде судьялар, нормативтік-құқықтық актілерді және сот практикасын тұрақты оқып, зерделей отыра, сот төрелігін атқарудың сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар жасады.

Іс шараны қорытындылай келе, аудандық соттың төрағасы М.Бекназаров судья А.Нұрманбетова мен Т.А.Кахаровқа алғыс білдіріп, судьялар үшін осындай талқылаулардың тиімділігін атап өтті.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі