Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 597 476 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 20 сәуірдегі ұйғарымымен «Ц.» ЖШС-гі «Куатжылуорталык-3»  МКК-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, оған сәйкес 2017 жылғы 24 сәуірге дейін жауапкер талапкерге 18 967 500 теңге қарызын төлеуге міндеттенді.

Тараптардың арасында медиативті келісім бекітілуіне байланысты талапкерге 597 476 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж бюджеттен қайтарылды. 

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі