Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының ұйғарымымен «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-нің «Рамазан Агро» ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық ісі бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, яғни жауапкер талапкерден ауылшаруашылық техникасын алуға және келісілген уақыт ішінде ол үшін 100 пайыздық төлем төлеуге міндеттенді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі