Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17 маусым 2016 жылғы ұйғарымымен «Ш.» ЖШС-нің  «А. ЛТД» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, оған сәйкес 19 шілде 2016 жылға дейін жауапкер талапкерге 1 000 000 теңге қарызын төлеуге міндеттенді және талапкерге 69 800 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж бюджеттен қайтарылды. 

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі