Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымымен ЖК Г.А.Н. «RUSAN Engineering» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, оған сәйкес 2017 жылдың 25 мамырына дейін жауапкер талапкерге 1 559 200 теңге қарызын төлеуге міндеттенді.

Келісімге байланысты талапкерге 51 454 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж бюджеттен қайтарылды. 

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі