Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Н.Т.» ЖШС-нің  «С.Т.» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, оған сәйкес 01 қараша 2016 жылға дейін жауапкер талапкерге 2 021 077 теңге қарызын төлеуге міндеттенді және талапкерге 60 632 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж бюджеттен қайтарылды. 

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі