«Медиацияны сотқа дейін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында жеке нотариустардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық  сотында  аудандық соттың судьялары мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, Түлкібас ауданы бойынша жеке нотариустардың қатысуымен «Медиацияны сотқа дейін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында баяндама жасаған Түлкібас аудандық  сотының төрағасы А.Сұлтанов 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Нотариат туралы» заңға енгізілген өзгертулерді басшылыққа алып, заңның 14-1 тарауына ерекше мән бөліп, бұл заңдағы өзгерістерге сәйкес ендігі жерде нотариустар дауларды шешуде медиациялық татуластыру рәсімдерін жүргізу және атқарушылық жазба жасай алатындығы жөнінде айтты.

Жиын соңында іс-шараға қатысушы жеке нотариустар мен кәсіби медиаторлардың,  баяндамалары тыңдалып,  азаматтардың құқықтық қорғалуының тиімділігін арттыру жөнінде  пікір алмасты.

Қайнар: 
Пресс-служба Южно-Казахстанского областного суда