Медиатор арқылы бітімгершілікке келді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы А.Айтуреева 21.10.2014 жылы Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Көктөбе ауылында, өзінің үйінде азаматша Г.Керимбековамен екеу жанжалдасып, жанжал барысында бас араздық салдарынан Г.Керимбекованы ұрып, мойынан тырнап оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы А.Айтуреева кінәсін мойындап қазіргі таңда медиатордың көмегімен Г.Керимбековамен татуласып, ымыраға келіп, бітімгершілік келісімге келгендігін айтып, кешірім жасауды сұранды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А.Айтуарова Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 71-1 бабының 2-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласып, медиатор арқылы бітімгершілік келісімге келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, үстінен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Қайнар: 
Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: