Медиатордың көмегімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы Г.Керимбекова в 21.10.2014 жылы Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Көктөбе ауылында, А.Айтуарованың үйінде онымен жанжалдасып, жанжал барысында бас араздық салдарынан А.Айтарованы ұрып, оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы Г.Керимбекова кінәсін мойындап қазіргі таңда медиатордың көмегімен А.Айтуаровамен татуласып, ымыраға келіп, бітімгершілік келісімге келгендігін айтып, кешірім жасауды сұранды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г.Керимбекова Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 71-1 бабының 2-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласып, медиатор арқылы бітімгершілік келісімге келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, үстінен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: