Медиатордың көмегімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 02.02.2017 жылғы қаулысымен, құқық бұзушы А.Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәсіби медиатордың көмегімен тараптардың өзара бітімгершілікке келуіне байланысты іс  өндірістен қысқартылды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқықбұзушы А.Б.  28.01.2017 жылдың 16:00-дер шамасында Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ саяжайы, Жаңақұрылыс көшесі н/з үйінде өзінің анасы У.А.- ға  келіп,  былапыт сөздер айтып, ар-намысына тиіп, оған сыйламаушылық білдіріп,  отбасының  тыныштығын бұзғаны  анықталды. 

Сотта  жәбірленуші У.А. мен А.Б. екеуі медиатордың көмегімен жазбаша келісім негізінде өзара бітімгершілікке келуіне байланысты, А.Б.-ны жауаптылықтан босатуын сұрады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі