Медиаторлардың қатысуымен дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің пилоттық жобасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

22.02.2017 жылы Мақтарал аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің пилоттық жобаның Ережесі талқыланды.

Аталған іс-шараға  Мақтарал аудандық сотының төраға Қ.Дүйсебеков,  судьялар, «Қоғамдық келісім» КММ Мақтарал аудандық филиалының басшысы, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Жетісай қалалық заң кеңсесінің адвокаттары және  БАҚ өкілдері  қатысты.

Іс-шара өткізу барысында судья А.Утемисов «Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері мен сотқа дейінгі міндетті реттеу» тақырыбында баяндама жасап, дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін міндетті түрде реттеудің маңыздылығына, осы пилоттық жобаның ережелеріне тоқталды.

Төраға Қ.Дүйсебеков дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің пилоттық жобасына кеңінен тоқталып, аталаған жобаның негізгі мақсаты мен татуласу рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс  дауды реттеу мүмкіндігін анықтау болып табылатыны жайында айтып өтті.  

Іс-шараға қатысушылар жаңа жобаға қолдау білдіріп, медиация заңы қолданысқа енгізгелі осы заңның шеңберінде  бірнеше даулы мәселелердің шешілгенін және екі жақты тараптардың алғыстарын алып жүргендері туралы әңгімеледі.

Кездесу соңында олар пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар беріліп, жаңа жобаны сот тәжірибесінде қалыптастыру мақсатында көрсетілген жаңа институтты дамытуға бірлесе атсалысуға шақырды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі