Медитордың көмегімен іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 14 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257-бабының 1-бөлігімен аудан тұрғыны Р.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Cотта анықталғаны, сотталушы Р.С. 2014 жылғы 1 наурыз күні кешкі сағат 21:00 шамасында Бәйдібек ауданы Қостөбе ауылында орналасқан моншаның жанында, яғни қоғамдық орында, жәбірленуші Б.Б.-ға себепсіз тиісіп, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып балағаттаған және оның бетінен  және басынан қолымен ұрып-соғып, қасақана бұзақылық жасаған.

Сот сотталушы Р.С.-ны жәбірленуші Б.Б.-мен медиация тәртібімен бітімге келіп, келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 67-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі өндірістен қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

                           

Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі