Мұра қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер А.Ш жолдасы 2010 жылы қайтыс болғанын, одан қалған үйді иеленіп, төлемдерін төлеп келгенін, үйді өз атына аудару үшін мұраны қабылдау мерзімі өтіп кеткенін көрсетіп, азаматтар С.Н.,К.Н.-ны жауапкерлер деп танып,  мұра қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, мұраны қабылдады деп тану туралы сотқа жүгінген.

Түркістан қалалық сотының 2016 жылдың 1 наурызындағы шешімімен талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.     

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі