Облыстық сотта дөңгелек үстел мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұйымдастырумен 27- наурыз 2014 жылы облыстық соттың мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136-бабы бойынша істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» және «Сотталғандардың мүлкін тәркілеу бөлігінде үкімдердің ұзақ мерзімінде орындалмау салдары»  тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел мәжілісіне облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық  сот алқасының судьялары, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандық, Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарының төрағалары мен судьялары, кеңсе меңгерушілері, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кеңсесі басшының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті басшының орынбасары, бөлім мамандары, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Арыс, Ордабасы, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш, Түркістан  бөлімдері филиалдарының басшылары - аға сот орындаушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел мәжілісін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасының міндетін атқарушы Т.Қадырбаев ашып, онда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136-бабы бойынша қаралған қылмыстық істердің статистикалық мәліметтеріне тоқталып, жеке айыптау істерді қарау барысында сот орындаушылардың тарапынан алимент бойынша берешекті анықтау туралы қаулысында берешек сомасын дұрыс анықтамау, борышкердің төлеген сомасын жалпы қарыз сомадан шегермеу, сондай-ақ, борышкерлерге ескертулердің уақтылы тапсырылмауы, т.б. кемшіліктердің орын алып отырғандығы  жөнінде  сот орындаушылардың назарына жеткізді.

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Рустемова өз сөзінде, істерді қарау барысында сот орындаушылар қажетті құжаттарды тиісті түрде ресімдемеуі жеке айыптау шағымдарын кері қайтаруға негіз болып отырғандығы,  құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде атқармауы немесе заң бұзушылықтарға жол беруіне байланысты жеке қаулылар шығарылғанын, сот орындаушылар борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту, борышкерлердің тіркелген жылжитын немесе жылжымайтын мүліктерді, банктік есеп-шоттары туралы ақпараттардың және басқа да құжаттардың сотқа ұсынылуы жөнінде ұсыныс келтірілді.

Сонымен қатар, «Сотталғандардың мүлкін тәркілеу бөлігінде үкімдердің ұзақ мерзімінде орындалмау салдары» тақырыбында  облыстық соты Кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің  бас маманы Л.Ф.Юдина баяндама жасап, өз сөзінде: «Сотталушылардың мүлкін тәркілеу бөлігінде үкімдердің орындалмау салдарынан 208 қылмыстық іс сот мұрағатына өткізілмеген. Осындай жағдайлар жылдар  бойынша бөлгенде: 2005 жылы - 4 іс, 2006 және 2007 жылдары 1 істен, 2008 жылы - 4 іс, 2009 жылы - 7 іс, 2010 жылы - 34 іс, 2011жылы - 33 іс,  2012 жылы - 36 іс, 2013жылы - 88 іс бойынша орын аллғандығын жеткізді. Бұл істер бойынша тізімдер ай сайын сот орындаушыларға жолданып отырғандығын, соттардың тарапынан бірнеше рет ескертпелер берілгендігін, алайда жұмыс нәтижесіз қалып отырғандығын айтып, осы кемшіліктерді шешу жолдарына қатысты өзінің ойын жеткізді.

Дөңгелек үстел мәжілісінде Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Т.Кахаров, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті басшының орынбасары Е.Отарбаев,  осы департаменттің мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру бөлімінің  сот орындаушысы Қ.Нұртаев, Абай аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы О.Иманбаева баяндамаларын оқып, пікірлерімен бөлісіп,  күн тәртібіндегі тақырыптарға байланысты өз ұсыныстарын келтірді.

Дөңгелек үстел барысы қатысушылардың аталған тақырыптарға байланысты қызу пікір алмасуларымен жалғасты.

  

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының

баспасөз орталығы

        

Пресс-центр Южно-Казахстанского областного суда