Өкімет өкілін жария қорлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотталушы Н.Турсынбеков 20.10.2014 жылы сағат 16:40-тар шамасында, Ордабасы ауданы Бөржар ауылы Абай көшесінің бойында, қоғамдық орында, мас халде жүргенін көрген Ордабасы ауданы ІІБ-нің полиция лейтенанты жәбірленуші Е.Б. оның қасына барып, өзін таныстырған уақытта, Н.Турсынбеков сол жерде тұрған куәлердің көзінше өкімет өкілінің заңды талабын қасақана орындамай, оған қарсылық көрсетіп, оның ар намысына, қадыр қасиеттеріне тиетін былапыт сөздер айтып қорлаған.

Сот үкімімен сотталушы Н.Турсынбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 320-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен оған 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

ОҚО сотының баспасөз қызметі.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі