ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің жаңадан қызметке қабылданған мамандары ант қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің отырысында жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

                    
Отырысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Найля Тұрланқызы Оразгалиева ашып, жаңадан тағайындалған 23 мемлекеттік қызметшілерді соттың ұжымына таныстырды.  

Содан кейін, жаңадан тағайындалған жас қызметкерлер: Есенова Айдана, Қалдарова Динара, Бегебат Жазира, Мәжіт Медет,  Өсербаева Әсел, Өміртай Ақбала, Батырова Перизат,  Әлібеков Абзал, Ізмұханов Әділбек, Рахматулла Дархан, Көмек Алуа, Тоимбетов Бахтыбек,  Койшыманов Санжар, Тағаева Нұрбике,  Ережеп Берік, Монтаев Канат, Тасман Бекжан, Әзим Бауыржан, Бұрхан Бауыржан, Бөлеген Ілияс, Полатова Ұлмекен, Нұржігітов Нұрсұлтан және Қалдарова Әлия – өз міндеттерін адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға салтанатты түрде ант берді                                         

Соттар әкімшісінің орынбасары Найля Тұрланқызы жаңадан тағайындалған жас қызметкерлерді құттықтап, қызметтеріне сәттілік тілей отырып, оларға анттарына берік болуын тапсырды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар