ОҚО сотында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

    2014 жылы 20 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының  мәжіліс залында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтіп, оған облыстық сот кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

     Салтанатты жиналысты Оңтүстік Қазақстан соты кеңсесінің басшысы О.Лештаев ашып,  «Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін шақ. Ұлыстың ұлы күнінде әр жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін  ашқан. Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қызыр ата аралаған. Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі. Бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!» – деген тілегін жеткізіп, жиынға келген қауымды көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

    Кеңсе басшысы Орынбасар Лесбайұлының құттықтау сөзінен кейін ОҚО соты кеңсесінің бас  маманы – баспасөз хатшысы Қ.Дүйсенби баяндама жасады.  

    Қабыл Тұрарұлы өз сөзінде: «Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің және ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз – жаңалық пен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, табиғат-ананың оянып, тіршілік атаулының түлейтін кезеңі әрі жыл басы.  Наурыз – ақ пейіл мен татулықтың, көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке, өткенді саралап, болашаққа жоспар құратын, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалайтын ерекше кезең.

    Құрметті әріптестер! Сіздерді Жыл басы Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жылқы жылы Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Жыл басы Наурызда ойға алған армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалып, бастаған игі істеріңіз жалғасын тауып, үлкен жетістіктерге жете беруіңізге тілектестік білдіремін деп, әріптестеріне деген құттықтауын өлең шумақтарымен жалғастырды: 

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

 Жадырайды, жаңғырады маңайым.

         Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

                                                                Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

                                                                Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

                                                                Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

                                                                Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

    Салтанатты жиналыс барысында ОҚО соты кеңсе басшысының орынбасары Ә.Лебаев сөз алып, өз құттықтауын жеткізді.

    Содан кейін, кеңсе басшысы Орынбасар Лесбайұлы Лештаевтың қолынан бірқатар облыс сотының кеңсе мамандары  «Алғыс хаттар» алды.

 

    ОҚО сотының баспасөз орталығы