ОҚО Төлеби аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттерді болдырмау, алдын-алу шаралары" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстел отырысына ОҚО Төлеби аудандық сотының төрағасы Б.С.Кәрім және аудандық соттың судьялары С-Д.М.Стамкулова, А.Е.Алшынбаев, Н.Смайлова, Төлеби ауданы прокурорының көмекшісі Н.Бахашбаев, Төлеби АІІБ-нің орынбасары полиция полковнигі Е.Тургымбеков, аудандық заң кеңсесінің адвокаттары А.Юсупов, Н.Байсапаров, Төлеби аудандық Әділет басқармасының бас маманы Н.Ажибаев, Төлеби аудандық ҚАИ-ның аға инспекторы М.Дауренбеков, және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде төрағалық етуші күн тәртібіндегі ең өзекті және күрделі мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелесі екенін айтып, сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын-алу мақсатында ондай келеңсіз жайттардың орын алмауына бағытталған іс-шараларды жүргізуге немқұрайлыққа жол бермеуге, олардың пәрменділігін арттыруға және әр бір судья және сот қызметкері өз жұмысына адал және абыроймен жұмыс жасау керек екенін және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын қолдау әрқайсымыздың міндетіміз екенін және халықтың құқықтық сауатын көтеріп, мемлекеттік органдардың ашықтығына қол жеткізу қажет екенін айтып, пікірлер алмасты.

Іс-шара соңында судьялар БАҚ өкілдерінің және басқа да қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі