Іс өндірістен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Төле би аудандық соты А.А. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы бойынша қозғалған жеке айыптау ісін қарады.

Жеке айыптаушы Ж.У. сотқа арызданып, арызында Төле би ауданындағы «Ленгер-Аққұм» тас жолының бойында зайыбы А.А.-мен араларындағы орын алған ұрыс-керіс барысында А.А.-ның күш қолданып, оны бірнеше рет ұрып-соғып,  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіргенін көрсетіп, А.А.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Істі сотта қарау барысында жеке айыптаушы айыптаудан бас тартуына байланысты, іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі