Оңтүстік Қазақстан облыстық соты салтанатты жағдайда Наурыз мейрамын тойлады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы Наурыз мейрамын тойлады.

Облыстық соттың холлында түрлі-түсті шарлармен безендірілген шаңырақтың астында өткен салтанатты іс-шараға облыстық соттың төрағасы мен судьялары және ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мен мамандары қатысты.

Жиынды облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов ашып, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның бес мың жылдан астам тарихы бар ежелден келе жатқан табиғаттың мейрамы екенін айтып, бүкіл ұжымға зор денсаулық пен бар жақсылықты тіледі.

Осыдан кейін Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның құрметті судьясы Айтжан Бекназаров бата берген соң, судьялар мен мамандар  Наурыз көже мен түрлі ұлттық тағамдардан дәм татты.

Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан облысының ардагер судьялар Кеңесінің төрағасы Өмірбек Темір судьялар мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтай келе, осындай құрмет көрсетіп отырған облыстық соттың басшыларына алғысын білдірді.

Өз кезегінде сөз алған облыстық соттың алқа төрағалары Зиядинхан Пірнияз бен Түгел Бекімбетов және Қазақстан Судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы Ақылбек Елшібаев пен ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Орынбасар Лештаев судьялар  мен мамандарды мерекелерімен құттықтап, оларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Одан кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша «Тұсау кесу» рәсімі көрсетіліп, мерекелік іс-шара сот қызметкерлерінің концертімен жалғасын тапты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі