Оңтүстік Қазақстан облыстық соты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкерлері Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында ақпараттық түсіндірме іс-шараларын өткізді.

Халыққа қызмет көрсету орталығы және облыстық Әділет департаментінің басшылары мен мамандарының қатысуымен өткен жиын барысында ОҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Н.Уразгалиева «Сот кабинеті» қызметінің артықшылықтары туралы айтып берді, сондай-ақ осы қызмет арқылы электронды өтінімдерді беру тәртібі туралы кеңес берді.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы А.Мұсаев пен Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ғ.Қадырбаев сот жүйесінің жұмысына енгізілген заманауи технологиялар жайлы, «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен келушілерге аталған жүйеде  iOS, Android платформасындағы мобильді қосымша мен оның көмегі арқылы күнтізбедегі оқиғаларды жасауға болатындығы, сондай-ақ процеске қатысушылардың сот отырысы туралы ақпаратты көру мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді.

Іс-шара соңында «Сот кабинеті» сервисімен және оның мобильдік қосымшасымен жұмыс істеу әдісі көрсетілген ақпараттық анықтамалар таратылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі