Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен мамандары қатысты.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов жаңа елорданың қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналғанын атап өтті.

«Жаңа астанамыз 18 жылда еліміздің мықты әлеуетін көрсеткен ауқымды мегажоба болып табылады. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиттері болып өтті. Енді 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтеді»,- дей келе, Нұрсерік Кәрімұлы қатысушыларға денсаулық, табыс, бақыт, құт-береке тіледі.

Одан кейін облыстық соттың судьясы О.Серікбаев баяндама жасап, Астананың тарихы мен оның әлемдегі ролі туралы айтты.

Сонымен қатар, салтанатты жиында облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы О.Лештаев және Судьялар Одағының облыстық филиалының төрағасы А.Елшібаев қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі