Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Наурыз мейрамына орай Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында салтанатты жиын өтті. Оған облыстық соттың төрағасы мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы, мамандары қатысты.

Салтанатты жиналысты облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов ашып, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бар жақсылықты тіледі.

Іс-шара барысында ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі П.Сафарбаева баяндама жасады.

Одан әрі облыстық соттың судьялары мен мамандарын облыстық соттың алқа төрағалары З.Пірнияз, М.Бекімбетов, Судьялар одағының облыстық филиалының төрағасы А.Елшібаев, доғарыстағы судья, ардагерлер кеңесінің мүшесі М.Әміров және ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы О.Лештаев құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиыннан кейін судьялар мен мамандар «Наурыз көже» мен түрлі ұлттық тағамдардан дәм татты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі