Жаңалықтар

Сот моральдық зиян өндірді

27/04/2017

Шымкент қаласы Абай аудандық сотына талапкер Е.М. жауапкер К.А.-дан материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген.

Дау медиация тәртібімен реттелді

27/04/2017

Кентау қалалық сотының ұйғарымымен тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Созақ аудандық сотында сот атқару құжаттарын орындау мәселелері талқыланды

27/04/2017

Созақ аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (АІЖО ААЖ) арқылы жіберетін сот атқару құжаттарын орындауға қатысты түйткілді мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Төле би аудандық сотында сот үкімінің орындалу мәселелері талқыланды

26/04/2017

Дөңгелек үстелге жергілікті соттардың судьялары мен сот қызматкерлері, адандық прокуратураның, ОҚО бойынша ҚАЖД, Төлеби АІІБ-нің, пробациялық қызметтің өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты. 

Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

26/04/2017

Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) көрсетілген қылмысты жасаған сотталушы Б.Ш.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

Мамандандырылған сотта дөңгелек үстел өтті

26/04/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Жасөспірімдерге қарсы қылмыс ‒ қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жоғары оқу орындарындағы құқықтық сауаттылық айлық іс-шарасы жалғасуда

26/04/2017

26 сәуір 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов құқықтық сауаттылық айлығының аясында Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университетінде дәріс оқыды.

Мобильдік топ татуластыру рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

25/04/2017

«Татуласу рәсімдері институтын әрі қарай дамыту және оның қолдану аясын кеңейту туралы» Арыс аудандық сотының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Арыс аудандық сотының судьясы Г.Ерназарова, адвокаттар, кәсіби емес медиаторлар және этно-мәдени орталықтың өкілінен құрылған мобильдік топ Арыс аудандық ІІБ-де және АІІЖБ-де татуластыру рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер мен ұсыныстар